Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін – Әділет министрлігі

2024 жылдың басынан бері үш ұйым саяси партия құру туралы бастама көтерді
Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Әділет министрлігі саяси партия құру бастамасын қолдады, деп хабарлады әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.
"Биылғы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партия құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіпте қаралды", - деді Жақселекова сенатта өткен брифингте.
Ведомство бір партияның – "Ынтымақтың" хабарламасын қолдады, деп жалғастырды ол.
"Алға" және "Халық дербестігі" партиялары бойынша тізімнің сәйкес келмеуіне байланысты хабарламаны қабылдаудан бас тартылды", - деп толықтырды вице-министр.
Бүгінгі күні Әділет министрлігінде қаралып жатқан өтініш жоқ, деп түйіндеді Жақселекова.
Еске салайық, 2022 жылдың соңында Қазақстанда кейінгі 20 жылда алғаш рет екі жаңа партия тіркелді.
Бүгінгі таңда республиканың саяси аренасында 7 партия жұмыс істейді:
Amanat партиясы;
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы;
Қазақстан халық партиясы;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
"Байтақ" қазақстандық жасыл партиясы;
Respublica партиясы.
8-ші шақырылымдағы мәжілістің депутаты болып 6 партияның өкілдері сайланды.