АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2024" форумына қатысушылар ислам әлемі елдерінің тағамдарымен жақынырақ таныса алады, деп хабарлады РИА Новости.
Көрмеге барлығы жеті елдің тағамдары қойылған: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Марокко, Ресей, Өзбекстан. Татар тағамдары да бөлек ұсынылған. Қораптардың құны 1,2 мың рубльден 1,6 мың рубльге дейінгі аралықта.
Әрбір қонақ өз талғамына сай тағамдарды дәмін тата алады. Тіпті вегетариандарға арналған тағамдар да бар. Сонымен қатар, тамақтану залында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде.
14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.
KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.