АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 2 мыңға тарта үй салынады, 4 мыңнан астам дайын баспана сатып алынады, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
"Жергілікті әкімдіктер жүргізген техникалық қадағалау нәтижесінде су тасқынынан келтірілген залалды өтеу мақсатында комиссия 1 898 тұрғын үй салу, жылжымайтын мүлік нарығында 4 059 тұрғын үй объектісін сатып алу, 8 415 нысанды жөндеу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Тұрғын үй мәселесі:
Атырау облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарын аяқтау және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі – 2024 жылғы қыркүйек.
Ақмола облысы – құрылыс, жөндеу жұмыстарының аяқталу және тұрғын үйлерді сатып алу мерзімі – 2024 жылғы қазан.
БҚО – құрылыс және жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі – 31 шілде, тұрғын үйлерді сатып алудың аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 15 тамыз.
Әкімдіктер ұсынысының қорытындысы бойынша үкіметтің кейбір шешімдеріне түзетулер жасалды. Айта кетері, елімізде су тасқынынан кейінгі зардаптарды уақтылы жою мақсатында министрлік жанынан жедел штаб құрылды.
Бүгінгі таңда 21 785 тұрғын үй су тасқынынан зардап шекті, оның ішінде 9 843 саяжай жалғыз тұрғын үй деп танылды.