АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімә орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Антикор.
"Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойған. Сонымен қатар жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қазір олар қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.