Словакия премьер-министрін атып кетті

Үкіметтің көшпелі отырысынан кейін көпшілік алдына шыққан премьер-министрге бірнеше оқ атылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фико оқ жарақатын алды, шабуыл жасаған адам ұсталды, деп хабарлады РИА Новости словакиялық Pravda басылымына сілтеме жасап.
"Роберта Фицо жараланды. Қаскүнем бірнеше рет оқ атқан, оны полиция ұстады", - деп жазды портал.
Үкіметтің көшпелі отырысынан кейін көпшілік алдына шыққан премьер-министрге бірнеше оқ атылғаны хабарланды.
Жараланған премьер-министрді тікұшақпен Братиславадағы ауруханаға әкетіп бара жатыр.