АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. 2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні — 382 279 теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім:
Атаулы мәнде — 12,3%
Нақты мәнде — 2,7%
Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады.
Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ке, Алматы қаласында — 16,4%-ке, Ақтөбе облысында — 16,1%-ке, Павлодар облысында — 15,9% байқалған.