АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Алматыда бірнеше көшенің атауы ауысады, деп хабарлайды қалалық мәслихат.
Мәслихаттың мәліметінше, тұрғындардан қала көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түскен.
Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша:
Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев;
Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников;
Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге Ескендір Хасанғалиевтің есімін
Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге Юрий Померанцевтің есімін беру жоспарланған.
Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.