Фото

Солтүстік шұғыласы ешкім күтпеген жерлерде жиі байқалып жүр – фото

Қуатты күн дауылдарынан кейін әлемнің көптеген бөлігінде аспан поляр шұғыласының әсем түстеріне боялды. Адамдар аспандағы "жарық шоуын" әдетте бұл құбылыс байқала бермейтін елдерде де тамашалады. Олардың қатарында Қазақстан да бар.
Sputnik
1 / 12

Мамырда Қазақстанның көптеген жерінде Солтүстік шұғыласы көрінді. Мысалы, бұл суретті еліміздің солтүстігінде түсірген.

2 / 12

Ғалымдар бұл құбылыс қуатты магнит дауылынан болуы мүмкін деп болжады.

3 / 12

Қазақстандықтар біздің еліміз үшін таңсық бұл құбылыстың суреттерін әлеуметтік желіде жарыса бөлісті.

4 / 12

Ерекше түрлі-түсті аспан жарығы бүкіл Ресейде, сондай-ақ Еуропада, АҚШ-та және Канадада көрінді.

Суретте: магниттік дауылдан болған жарқырау, Ресей.

5 / 12

Бұл сирек кездесетін табиғат құбылысының суреттері мен видеолары ғаламторды шарлады.

Суретте: Архангельск облысындағы Соловецкий аралында байқалған солтүстік шұғыласы. Артқы жақта Соловецкий монастыры көрініп тұр.

6 / 12

Солтүстік шұғыласы планетаның көптеген бөлігінде де байқалды. Оны тұрғындар солтүстік жарты шар елдерінде - Австриядан Канадаға дейінгі аумақта тамашалады.

Суретте: Венаның түнгі аспанын солтүстік шұғыласы жарқыратып тұр.

7 / 12

Ғалымдар мұндай құбылыстарды Жердің магнит өрісінің әлсіреуімен және атмосфераның жоғарғы қабаттарының төмендеуімен байланыстырады.

Суретте: адамдар Канададағы солтүстік шұғыланы тамашалап тұр.

8 / 12

Поляр шұғыласы ғажайып, әсерлі құбылыс, тіпті көп адамға бұл мистикалық құбылыс болып көрінеді.

Суретте: АҚШ-тағы Портсмут үстіндегі солтүстік шұғыласы.

9 / 12

Мұндай табиғат құбылысын кейбір елдердің тұрғындары өз көзімен көру үшін Арктикаға баруды армандады. Енді мұндай алыс сапар қажет емес екені белгілі болды.

Суретте: Канаданың түнгі аспанын солтүстік шұғыласы жарықтандырып тұр.

10 / 12

Әрине, бұл фактіге қуануға болады. Бірақ табиғат құбылысының әдеттегіден тыс аймақтарда байқалуы ғалымдарды алаңдатып отыр.

Суретте: адамдар жолда тоқтап, солтүстік шұғыласын тамашалап тұр.

11 / 12

Ғалымдар бұған Жер ядросының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болып отыр дейді.

Суретте: АҚШ-тың Мэн штатындағы Брансуикте шаруа үйінің төбесінен көрініп тұрған поляр шұғыласы.

12 / 12

Жерде тіркелген және бүкіл әлемде полярлық сәулелерді тудырған соңғы магниттік дауыл кейінгі жиырма жылдағы ең күшті дауыл болды.

Суретте: АҚШ-тың Миннесота штатындағы Марквилл маңында аспанда солтүстік шұғыласы жарқырап тұр.