Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қуандық Бишімбаев өзін қандай бап бойынша кінәлі деп есептейтінін айтты