Инфографика

Қазақстанда сирек кездесетін металдар қоры

Бүгінгі таңда мемлекеттік теңгерімде сирек кездесетін металдардың 15 кен орны есепке алынды
Sputnik
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің геология комитеті Қазақстандағы сирек кездесетін металдар қоры туралы мәліметтерді жариялады.
Қазақстандағы сирек кездесетін металдардың қоры
Республикадағы сирек кездесетін металдардың шикізат базасы:
вольфрам – 2,4 млн тонна теңгерім қоры;
молибден – 1,1 млн тонна;
литий – 75,6 мың тонна;
тантал – 4,6 мың тонна;
ниобий – 28,1 мың тонна;
бериллий – 68,8 мың тонна.
Бүгінгі таңда мемлекеттік теңгерімде сирек кездесетін металдардың 15 кен орны, оның ішінде Түркістан, Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы кен орындары есепке алынды.