АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ұлттық егу күнтізбесі аясында екпеден қалып қойған 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға мемлекеттік резервтен 5 млрд 832 мың теңге бөлінді.
Вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала бар екенін анықтады. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирустық гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильлі инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қайталама иммундау жүргізіледі.
Қаражат әкімдіктерге нысаналы трансферт түрінде 747 720 доза вакцина мен 542 592 шприц сатып алуға жіберіледі. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмектің қолда бар көлемін пайдалана отырып, балаларға екпе егу жұмыстары жүргізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Соңғы 2 айда ауру көрсеткіші 32%-ға төмендеген. Қосымша жаппай иммундау аясында 1,3 миллионға жуық адам егілді, егуге жататын халықтың 91%-ын қамту қамтылды.
Сонымен қатар, вакцина арқылы басқа да жұқпалы аурулармен сырқаттанудың артуы байқалады. 2023 жылы көкжөтел бойынша теріс қарқын байқалды, оның 91%-ы вакцина алмаған балалар болды. Сондай-ақ қызамық, эпидемиялық паротит және вирусты гепатит А ауруларының көбеюі байқалды.