АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы аясында 17 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова хабарлады.
"Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер 25 сәуірден бастап қабылдануда. Өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады.
"10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы – 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар", - деді спикер.
Гендерлік бөліністе қарайтын болсақ, өтінімдер арасында 57% әйелдер жолдаған. Барлық өтініш берушінің 62% 35 жасқа дейінгі жастар.
"Ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны", - деп түйіндеді Ләззат Ибрагимова.