Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында Словакиядан жеңілді

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері келесі кездесуін 14 мамырда Латвия құрамасына қарсы өткізеді
Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Хоккейден 87-ші әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында В тобында Словакия мен Қазақстан құрамалары кездесті.
"Остравар Арена" стадионында өткен кездесу 6:2 есебімен словакиялықтардың сенімді жеңісімен аяқталды.
Словакия - Қазақстан ойыны
Словакиялықтар сапынан Мартин Поспишил (дубль), Мартин Фашко-Рудаш, Матуш Сукель, Либор Гудачек және Лукаш Цингел гол соқты. Қазақстан құрамасының голын Әлихан Әсетов пен Әлихан Өмірбеков соқты.
Словакия - Қазақстан ойыны
Бұл матчта Словакия құрамасынан Мартин Поспишил, Қазақстан құрамасынан Әлихан Әсетов үздік ойыншы деп танылды.
Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері келесі кездесуін 14 мамырда Латвия құрамасына қарсы өткізеді.