Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Харьков облысында жойқын жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Харьков облысында Украина қарулы күштерінің техникасы мен жеке құрамы жиналған жерге соққы жасалды. Бұл туралы жасырын топтың үйлестірушісі Сергей Лебедев мәлімдеді.
"11 мамырда кешке қарай Харьков қаласының маңында жарылыстардың даусы естілді. Солтүстік бағытта, шамамен Циркуны және Русская Лозовая елді мекендерінің арасында, жарылыс қатты болды. Қала орталығынан да қатты естілді", - деді Лебедев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы бағытта үлкен алаңқай жер және бірнеше орманды алқап бар. Азаматтарға бірнеше айдан бері ол жаққа баруға тыйым салынды. Ал Харьковтың агентурасы дүркіндетіп ату машиналарының қозғалысын байқаған. Дәл сол жерден Белгородқа оқ атылды.
"22:40-та Чугуев қаласында жарылыс болды… Жедел жәрдем көп болды, төрт өрт сөндіру көлігі келді, соққы Украина қарулы күштерінің уақытша орналасу пунктіне жасалды", - деп атап көрсетті Лебедев.