Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Белгородта Украина қарулы күштері шабуылынан көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып құлады

Болған оқиғаға қатысты теракт бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Белгородта Украина қарулы күштерінің шабуылы салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі түгел опырылып құлады.
"Белгород қаласы мен Белгород ауданын Украина қарулы күштері жаппай атқылады. Харьков тауында көпқабатты үйге снаряд түсуі салдарынан оныншы қабаттан бірінші қабатқа дейінгі кіреберіс түгел опырылып түсті", – деп жазды өңірдің губернаторы Вячеслав Гладков Telegram-арнасында.
Болған оқиғаға қатысты теракт бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде тағы бір үй құлады, деп хабарлады РИА Новостиге Ресей төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі.
Украина қарулы күштерінің шабуылы салдарынан Белгородта түрлі көпқабатты үш үйдің 62 пәтері, 11 көлік бұлінген, деп хабарлады губернатор Вячеслав Гладков Telegram арнасында.
Белгородтағы көпқабатты үйдің кіреберісінің құлауынан зардап шеккендер саны 19 адамға жетті, оның екеуі – бала. Әзірге қаза тапқандар жоқ.