АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 10:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 597 км қашықтықта Қытай шекарасында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық класы – 9.8
Магнитудасы – 4.4. MPV.
Эпицентрінің бағыты 41.34° с.б. 83.68° ш.б. жатыр.
Тереңдігі – 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.