АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде батыстан жаңа көмек туралы құр сөз емес, нақты әрекет қажет екенін айтты.
"Украина үшін тікелей елге жеткізілетін қару-жарақ шын пайдалы көмек болмақ, оның қалай жоспарланып жатқаны туралы хабарландыру жеткіліксіз", - деп жазды ол.
Америкалық The Hill басылымының журналистері жаңа көмек пакетіне ынтаның жоқтығы Зеленскийді қынжылтып отыр деп болжады.
АҚШ таяуда Киевке құны 400 миллион доллар болатын жаңа қару-жарақ пакетін жеткізетінін жариялады.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.