Су тасқынынан зардап шеккен 20 мыңнан астам отбасыға қолдау көрсетілді

130 отбасы ескі тұрғын үйінің орнына жаңа баспанаға ие болды
Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Су тасқынынан кейін 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі тұрғын үйінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр.
Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9 995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
Су тасқыны: бес мыңнан астам адам әлі эвакуация пунктінде тұрып жатыр