АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Қостанай облысының Қарасу ауданында жер үйдің ауласындағы шаруашылыққа арналған екі нысанның 50 шаршы метрі отқа оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне арағанда, өрт кезінде былтырғы жылғы 5 тоннаға жуық орама пішен жанып кетті.
Өрт сөндіруілер жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.