АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. WTA-1000 санаты бойынша турнирдің үшінші раундында әлемнің бірінші ракеткасы, поляк спортшысы Ига Швентек пен қазақстандық теннисші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева кездесті.
Турнир Римде (Италия) өтіп жатыр. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды. Швентек 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, теннисшілер арасында үш жеке кездесу өтіп, барлығында Швентек жеңіске жетті. Келесі айналымда поляк теннисшісі Анжелика Кербер мен Александра Саснович арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.