АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Франция құрамасымен ойнады.
Ғалым Мәмбеталиев мынадай құрама жасақтады: Шутов (Бояркин) – Металников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диханбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королев-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.
Екінші минутта француздар есеп ашқанымен, Роман Старченко мен Максим Мұхаметов қазақстандықтарды жылдам алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінде Кирилл Савицкий есеп айырмасын арттырды. Соңғы жиырма минутта ештеңе өзгерген жоқ. Мәмбеталиев шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ертең сағат 15.20-да Қазақстан Словакиямен кездеседі.