Спорт

Юлия Путинцева US Open 2017 чемпионы Слоун Стивенсті жеңді

Үшінші раундта қазақстандық әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Юлия Путинцева (41 WTA) Римде WTA-1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті.
Екінші раунд матчында қазақстандық Слоун Стивенсті (35 WTA) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут уақыт өткізді. Жеке кездесулерде Юлия алға шықты – 4:3.
31 жастағы америкалық 2017 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жеткен.
Ал Путинцева үшінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.
Елена Рыбакина Майамиде өткен турнирдің финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды