Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада әскерден қашқандардың есепшоттарын бұғаттауы мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Украинада әскерден жалтарғандардың есепшотын бұғаттау және олардың мүлкіне айыппұл салу процесі басталуы мүмкін. Бұл туралы Украина Жоғарғы радасының депутаты Андрей Осадчук мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Депутат әскери есепке алуды бұзғаны үшін айыппұлдың бұрын заңда болғанын, қазір қабылданған заңмен айтарлықтай ұлғайтылғанын айтты.
"Бұл айыппұлдарды азаматтар төлемейтін жағдай туындауы мүмкін. Өйткені олардың ақшасы жоқ болуы мүмкін немесе олар мұны жацдан-жай төлегісі келмейд. Сондықтан, есепшоттарды бұғаттап, мүлікке айыппұл салуға болады", - деп келтіреді УНИАН агенттігі депутаттың сөзін.
Оның айтуынша, заң "мамыр айының соңына дейін" күшіне енеді.