АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Шымкенттік әйел шала туған шақалақтың денесін аурухана алдына тастап кетті, деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаменті.
Әйел сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.
"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.