Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы: референдум қашан өтеді

Қоғамдық бірлестіктен де, қоғам белсенділерінен де референдумды тездету туралы бірде-бір өтініш түскен жоқ, деді энергетика министрі 

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Үкімет отырысының аясында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өткізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Министрдің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында шындыққа жанаспайтын ақпараттар жиі шығып, Сәтқалиев референдум өткізудің қажеті жоқ деп мәлімдегені туралы хабар таратылады.
"Бұл дұрыс емес ақпарат. Бұл басылым ресми түрде ақпаратты жоққа шығаруы керек. Себебі мен бұл туралы "Заңға сәйкес, оның қажеттілігі жоқ" дедім. Бірақ халықтың қалауы, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы болды, шешім қабылданды, біз референдум өткізуге кірісеміз.
Бұл тұрақты сілтемелер журналдың редакторлары мен иелерінің тиісті жауабын талап етеді. Олар кешірім сұрап, түзетілген ақпарат беруге міндетті деп есептеймін", — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр дұрыс емес ақпаратты қай БАҚ таратқанын нақтыламады.
Энергетика министрінен өйткені өзі де, ведомство да станцияның құрылысы туралы нақты мәлімет бермегендіктен, Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек емес пе деп сұрады журналистер.
"Бұл мәселеде нақиы прлцестер бар, халықпен тікелей байланыс бар. Аймақтардың барлығында дерлік ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, қоғамдық бірлестіктен де, қоғам белсенділерінен де референдумды тездету туралы бірде-бір өтініш түскен жоқ. Біз заңнамаға және қолданыстағы процеске сәйкес жұмыс істейміз", - деп түсіндірді ол.
Министрлік қызметкерлері бар болғаны төрт облысты аралады, бірақ барлығында түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек, деп түйіндеді ол.
Қазақстандағы атом электр станциясы
Егер Қазақстандағы референдум қорытындысы бойынша атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданса, оның қуаты 2,4 гигаватт болуы мүмкін, деп энергетика министрлігі бұған дейін хабарлады.
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, Қазақстанда атом электр станцияларының салынуы елдегі өсіп келе жатқан электр энергиясы тапшылығы мәселесін ішінара шешеді.
Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 гигаватт болатын 144 жаңартылатын энергия нысаны бар. Станция жабдықтарының орташа тозу көрсеткіші 56%-ды құрайды.