Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды

Президент встретился с эвакуированными жителями СКО
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасуда, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
"ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда",-деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.