АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Көлік министрлігі Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуында салынып жатқан еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатынын хабарлады.
Шақпақ баба асуындағы автомобиль туннелі
© Photo : Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды", - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды.
Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жағдай жасайды.