Қазақстанның төрт қаласында Әди Шәріпов туралы фильм тегін көрсетіледі

Фильмнің режиссері - Бекболат Шекеров
Sputnik
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстанда Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы басталды. Соның аясында төрт қаланың кинотеатрларында "1941 жылдың жазы" фильмі тегін көрсетіледі, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Режиссер Бекболат Шекеровтің фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды.
Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кез бейнеленген. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатқан, ал Кеңес армиясының күштері шегінуге мәжбүрболған сәт көрсетілген. Сол кезде Қазақстаннан майданға жас лейтенант Әди Шәріпов келіп, сұрапыл соғыстың алғашқы сәттерін өз көзімен көреді. Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасқан. Ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.
"1941 жылдың жазы" фильмі Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында көрсетіледі.