Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Куба президенті Путинмен кездесті

Sputnik
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Куба президенті Мигель Диас-Канель Бермудес Путинмен өткен кездесуде Ресейге арнайы әскери операцияда табыс тіледі, деп хабарлайды Риа Новости.
Ол НАТО-ның Ресей шекарасына жақындағанын және АҚШ жүргізіп жатқан "геосаяси манипуляцияны" атап өтті.
"Сізге және Ресей Федерациясына арнайы әскери операцияда табыс тілейміз", - деді Куба президенті.
Кездесудің көрсетілімі "Россия 24" телеарнасында жүргізілді.