АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстан Ұлы Жеңістің 79 жылдығын тойлап жатыр.
Ұлы Отан соғысы 1942 жылы 22 маусымда таң атқанда басталды. Фашистік Германия 1939 жылғы кеңес-герман келісімдерін бұзып, КСРО-ға шабуыл жасады. Сол кезде Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мың адам аттанды, оның жартысы соғыстан оралмады.
Фашистік Германияға қарсы соғысқан ардагерлердің қатарында Хамза Дүйсебаев та бар.
"89 жасында қайтыс болған атамызды еске алуға келдік. Бұрын Алматыда тұрдым, онда Мәңгілік даңқ шеруіне баратын едік. Отбасымызбен Астанаға көшіп келгелі Мәңгілік алауға барып, атамызды және Ұлы Отан соғысының барлық ардагерін еске алуға келеміз ", - деді Гүлмира Сембиева Sputnik Қазақстан тілшісіне.
У памятника Панфиловау в Астане прошла церемония возложения венков и цветов по случаю Дня Победы в столичном парке "Жеруйык
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің запастағы полковнигі Әбусахит Төлегеновтің айтуынша, Жеңіс күнінің әрбір қазақстандық үшін маңызы зор.
"Бұл – аталарымыз Отанымызды қорғап, әлемді фашизмнен аман алып қалған жеңіс. Өзім де тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысқанмын. Ұлдарыммен бірге ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету үшін келдім. Атамыз да фашистерге қарсы соғысты, Днепрді басып алу кезінде ауыр жарақат алса да, аман қалып, бұрынғы Торғай облысының ауыл-аймақтарында еңбек етті", – дейді азамат.
Әбдусахит Төлегеновтің отбасындағы ер азаматтар әскери әулет тізбегін жалғастыруда.
9 мая в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға Таулы Қарабақ аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушы Жанат Жұмабеков та балаларымен жәненемерелерімен келді.
9 мая в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Мәңгілік алауға ұлы жолды басып өтіп, фашизмді жеңген ата-бабаларымыздыеске алу үшін келдік. Содан бері 79 жыл өтсе дебіз Қазақстанның ашық көк аспанының астында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біз аталарымызды мақтан тұтамыз. Бүгін немерелеріммен және балаларыммен бірге олардың рухына тағзым етуге келдік", – дейді Жанат Жұмабеков.
Бүгінгі таңда Қазақстанның астанасында барлығы Ұлы Отан соғысыныңжеті ардагері тұрады.