АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанада Байқоңыр ауданында Ұлы Отан соғысы ардагері Михаил Куликтің мемориалды тақтасы ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, қалалық қорғаныс істері департаментінің басшысы Айдын Сағынбек, Ұлы Отан соғыс ардагері Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик және қала тұрғындары қатысты.
Мемориалдық тақтаны салтанатты түрде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик ашты.
"Бүгінгі іс-шара – өте маңызды. Өйткені ардагердің қаламызға тигізген еңбегі – өте зор. Соғыстан кейін ол осы қалада еңбек етті. Михаил Кулик – 2004-2023 жылдар аралығында алғашқы тың игерушілердің бірі. Ол 1926 жылы дүниеге келіп, 1943 жылы соғысқа аттанды. Соғыс ардагері 2 мәрте Отан орденінің иегері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері атанды. Сол ерлігімен бүгінде елге танымал болды. Өкінішке қарай, былтыр Михаил Кулик қайтыс болды", - деді Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.