АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығы тойланды. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
9 мая
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
9 мая
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.
9 мая
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Қазір Алматыда Ұлы Отан соғысының 43 ардагері тұрады.