Тоқаев Мәскеуде жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ Өзбекстан мен Кубаның бақылаушы елдерінің басшылары қатысуда
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуына орайластырылып отыр.
Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның Кремльдегі саммиті тек мерейтойлық емес, шын мәнінде іскерлік болады деп мәлімдеді.
"Экономикалық көрсеткіштерден-ақ көруге болады. Он жыл ішінде Еуразиялық одақ мемлекеттерінің жиынтық жалпы ішкі өнімі 1,6-дан 2,5 триллион долларға дейін өсті", - деді Путин.
Сондай-ақ Ресей президенті үшінші елдермен тауар айналымы 60%-ке-579-дан 923 миллиард долларға дейін өскенін айтты.
"Әріптестерімізбен экономикамыздың өте жақсы даму көрсеткіштерін атап өттік. Іс жүзінде бұл бестік мемлекеттерінің де, жалпы еуразиялық өңірдің де тұрақты, орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады", - деді Путин ЕАЭО саммитінде.