Тоқаев ЕАЭО курсын Қазақстан үшін дұрыс және тиімді деп атады

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы онжылдықтың қорытындысы бойынша 1,7 есе өсіп, 28,5 миллиард долларға жетті, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысында.
Бұл ретте экспорт екі еседен астам өсті. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық Қазақстан экономикасының үдемелі дамуына ықпал етеді: тек 2023 жылдың өзінде елдің ЖІӨ 5,1%-ға өсті.
Тоқаев ЕАЭО-да бірыңғай кедергісіз ішкі нарық құруға және жасырын шектеулер тәжірибесін жоюға шақырды.