Қызылорда облысында екі адам тоқ соғып қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде екі адам тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 8 мамырда болған.
"Сағат 9-дан 5 минут өткенде Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына жедел ақпарат түсті. Сағат 8-ден 20 минут өткенде Шиелі ауданы, Шиелі кентінде темір құбырды манипулятормен көтерген кезде 10 КВт жоғары вольтты сымға тиіп, электр тогы соғып 2 адам қайтыс болған", - дейді ведомство.
Қайтыс болған марқұмдардың бірі - Қазақстан, бірі Өзбекстан азаматы.
"Қазақстан азамат 2000 жылғы, ал өзбекстандық азамат 1992 жылғы. 1993 жылғы тағы бір адам ауруханаға түсті. Оқиға орнына ТЖ департаменті, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, аудандық электр желісі компаниясынан жалпы 12 адам және 3 бірлік техника шықты", - дейді құтқарушылар.