АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Атырауда 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні 41433 әскери бөлімінің сарбазы қашып кетті, деп хабарлайды Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.
Сарбаз қару-жарақ, оқ-дәрілерді алып қашқан. Ұстауға әрекеттенгендерге оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлеріне мен полицейлер "Арлан" және ҰҚК арнайы бөлімшелерін көмекке шақыруға тура келді.
"8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қарумен бөлімді өз еркімен тастап кетті. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді ведомство.
Сарбаз қазіргі уақытта ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.