АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленскийге жасалған қастандық туралы ақпарат АҚШ-та алаңдаушылық туғызды, деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Әрине, біз ықтимал қастандықтың алдын алынғанына қуаныштымыз. Бұл ақпарат сөзсіз алаңдаушылық тудырады", - деді ол.
Сейсенбі күні Украинаның қауіпсіздік қызметі (SBU) Зеленскийге қастандық жасамақ болған Украинаның мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигін ұстағанын мәлімдеді.
SBU бұрын жариялаған ақпаратқа сәйкес, айыпталушылар Зеленскийге және Украинаның басқа да жоғары лауазымды шенеуніктеріне зымыран соққыларын жасамақ болған. Кейінірек Украинаның "Народ" басылымы айыпталушылар полковник Андрей Гук және Деркач есімді офицерлердің атын жазды.