АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Жаңа мерекені енгізу туралы тиісті құжат "НҚА" сайтында жарияланды.
Түсіндірме хатта көрсетілгендей, жаңа мереке президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді.
"Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген", - делінген қаулы жобасында.
Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.