Путин ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті

Ресей президенті алты жылдық мерзімге сайланды
Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Владимир Путин ант беріп, ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті.
Ресей президенті алты жылдық мерзімге сайланды.
Жаңа мерзімнің басында Путин үкіметті жаңартады деп күтілуде, өйткені Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес министрлер кабинеті президент инаугурациясынан кейін отставкаға кетеді.