Атырау облысында ұзындығы 345 шақырым бөгет салынып жатыр

16,4 млн текше метр еріген су сорылды. 50 670 адам үйіне оралды
Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейін бақылау және су басқан үйлерден суды сору жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.
"Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 шақырымды құрайтын бөгет салу жұмыстары жүргізілді", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп.
Ол Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданы Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуге көмектесіп жатқанын, Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Петропавлдың Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарды бастағанын айтты.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, республика бойынша 9660 тұрғын үй мен 3213 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды.
16,4 млн текше метр еріген су сорылды. 50 670 адам үйіне оралды. 5 436 адам уақытша орналастыру орталықтарында қалды, деп мәлімдеді Шәріп.
Ақмола облысында баспанасыз қалғандар 15 тамызға дейін үйіне кіруге тиіс – Бозымбаев