Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз Астанадан Павлодарға жолға шықты

Жолаушылар "Жеңіс пойызының" алдында суретке түсіп, лезбізін білдірді
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. 9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы безендірілген №7502 электр пойызы жолға шықты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.
"Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген", - деп жазылған хабарламада.
Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсы алды. Жолаушылар "Жеңіс пойызының" алдында суретке түсіп, лезбізін білдірді.
Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысына 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай төлем берілді. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
ҰОС ардагерлеріне 187 млн теңге берілді