Венгрия Украинаға әскер жасындағы азаматтарын экстрадицияламайды

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Венгрия Украинаға әскери борышын өтеуге тиісті азаматтарын экстрадицияламайды және олардың өлімге жіберуіне жол бермейді, деп хабарлады Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемиен ATV порталына.
"Бізге қашып келген Украина азаматтарын елге мәжбүрлі түрде қайтармаймыз. Біз олардың әскери борышын өтеуге жарамды ма, жоқ па оны анықтаумен айналыспаймыз. Гумманизм тұрғысынан оларды өлімге айдай алмаймыз", - деп келтіреді ATV порталы Шемиеннің сөзін.