АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Костенко атындағы шахтадағы трагедияның алдын алған Айбар Қосанов "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - деп жазылған жарлықта.
Бірнеше күн бұрын Қосанов шахтадағы өрттің алдын алған. Ол 190-нан астам кеншіні эвакуациялауға қатысты.
Айбар Қосанов – "Qarmet" акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі.