АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен екінші сотталушы Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзін айтады.
Қазақстанның Жоғарғы соты залдан онлайн-трансляция жасап жатыр.
Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).