Жүгіруден көктемнің басты сайыстарының бірі саналған "Бірлік жүгірісі" таңғы 7:00-де басталғанымен, қатысушылардың саны 2000-ға жуық адамды құрады.
Жүгіру бәсекесіне қатардағы әуесқойлармен қатар, Астана қаласының әкімі орынбасары Есет Байкен, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит те арнайы қатысты.
Бұл жүгіру марафонының басты ерекшелігі – бір мезетте еліміздің 15 өңірінен 15 000-ға жуық спортшылар жүгіріп, барлығының басы біріге алатындығын көрсетеді.
Қатысушылар бұл бас қаламыздағы басты мереке екенін айтты. Себебі, көктем басталғалы әуесқой желаяқтар 3, 5 шақырымға ғана жүгіріп келсе, бүгін бірінші рет 2024 жылы 10, 21 шақырымға жүгіруге мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталды.