Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандықтар гуманитарлық көмек жіберді

Мұндай қайырымдылық шарасынан Қытайдағы қандастарымыз да тыс қалған жоқ
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Су тасқыны елден жырақта жүрген Қазақстан азаматтарын бейжай қалдырмады, деп хабарлайды 24KZ.
Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандастарымыз табиғи апаттан зардап шеккен өңірге гуманитарлық көмек жөнелтті. Оны Алматыға әуе компанияларының бірі тегін әкеліп берді.
Мұндай қайырымдылық шарасынан Қытайдағы қандастарымыз да тыс қалған жоқ. Олар жіберген мың жарымға жуық резеңке етік пен 50-ге тарта қайық қазір жолда келеді.
Бұл гуманитарлық көмекті жөнелтумен Respublica партиясы айналысып жатыр.
"Қайықтар, мотопомпалар, генераторлар, кейбір жерлерде жанармай керек болды. Кейбір жерлерде басқа да қажеттіліктер болды. Шымкенттегі кілем өндіруші компания әрбір фураға 100 кілемнен қосып отырды жоқ. Себебі суға батқан үйлер кейін қайтадан салынады, қажеті болар деген ниетпен сондай заттарды апаруға тырысып жатырмыз", - дейді Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы Бақытбек Хамит.