АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері ертең ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде республиканың солтүстігінде жаңбыр, қар жауады деп болжанып отыр, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады.
"Елдің тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын болады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман түседі деп болжануда", - деп жазылған хабарламада.
Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында 1-6 градус аяз болады, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус аяз сақталады, Атыраудың солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус аяз болады, Солтүстік Қазақстан облысының батысында 3 градус аяз болады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады.