АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. Қазақстанда сұйытылған мұнай газын республика аумағынан шығаруға тағы жарты жылға тыйым салынды. Бұл туралы энергетика министрлігінің бұйрығында көрсетілген.
"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Шектеу Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген немесе қайта өңделген, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдар үшін де қарастырылған.
Құжатта қазақстандық тарап Еуразиялық экономикалық комиссияға жаңа шектеулер туралы хабардар ететіні айтылған, өйткені бұйрық ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес шығарылды.
Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 2023 жылғы қарашада енгізілген болатын, шектеу шекара маңындағы елдерге отынның ақпауын және ішкі нарықта тапшылықты болдырмау үшін енгізілді.