АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
"Экология министрлігі жанындағы жаңа азаматтық қорғау қызметі төтенше жағдай, соның ішінде орман өрттерін сөндіру кезіндегі орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттырады", - делінген хабарламада.
Бөлек қызметтің қажеттілігі орман өрттерімен күресудің ағаштарды көбейту мен ағаштарды кесуге ғылыми көзқарасты, алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауды және тиісті құзыреттерді дамытуды талап ететіндігінен туындап отыр.
Жаңа қызмет пайда болғаннан кейін мемлекеттік органдар мен ведомстволар орман өрттерін, әсіресе, ірі көлемдегі өрттерді жоюда ұйымдаса жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ жаңа қызмет орман шаруашылығы кәсіпорындарын техникамен және құрал-жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ сапалы кадрларды қалыптастыруға көмектеседі, деп есептейді үкіметтегілер.
"Бүгінде Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар, олар елдің тіршілікті қамтамасыз ететін жекелеген институттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған", - деп еске салды министрлер кабинеті.
Олардың қатарында мына мекемелер бар:
Өртке қарсы қызмет,
Медициналық қызмет,
Химиялық қорғау қызметі,
Инженерлік қызмет,
Радиациядан қорғау қызметі,
Ұлттық гидрометеорология қызметі және тағы басқа.