Бишімбаев соңғы сөзін айтатын күн белгіленді

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 мамыр - Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың соңғы сөзі айтылатын күн белгіленді, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
"Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігі өтті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады)", - деп хабарлады ведомство.
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамыр сағат 10:00-де өтеді.